видеоконференцсвязь

Атбасар аудандық соты қылмыстық істі бейнебайланыс арқылы қарады

13/07/2017

Атбасар аудандық соты бейнебайланыс арқылы азамат С.-ны айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

С.-ға адамдар тобымен алдын ала сөз байласа отырып, қоймаға кiру арқылы мүлікті жасырын түрде ұрлады деп айып тағылды. Аталған істі қарау барысында С. Қостанай облысы Қарабалық аудандық сотының үкімімен Қостанай қаласындағы мекемесінде жазасын өтеп жатқан болатын. Сот С.-ны бейнебайланыс жүйесі арқылы сот отырысына қатыстыру үшін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жеткізу туралы қаулы шығарды.  

Әскери сот төрағасы кезекті онлайн-форматта азаматтарды қабылдауды өткізді

23/06/2016

ҚР Әскери сотының төрағасы С.Абдуллаев онлайн-форматта Қостанай гарнизонының әскери қызметшілерін қабылдады.

Сол күні Қостанай гаринизонының әскери сотына өз сұрақтарын қою мақсатымен гарнизон әскери бөлімдері мен мекемелерінің 19 әскери қызметшісі келді.

Қойылған сұрақтар тұрғын үй және еңбек қатынастары, сондай-ақ сот жүйесіндегі, құрылымындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер, әскери соттардың құрылымы, әскери соттардың ерекшеліктері мен соттылығына қатысты болды.

Жоғарғы Сот судьясы Р.Жакудина облыстық соттардың судьялары үшін оқыту семинарын өткізді

29/04/2016

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Роза Жакудина «Аффект жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қылмысты дәрежелеу сұрақтары. Қажетті қорғаныс» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға бейнебайланыс арқылы республиканың жергілікті соттарының 400-ге жуық судьялары, соның ішінде облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары қатысты.