Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасы мемлекеттік қызметкер бола тұра өкілеттік лауазымды теріс пайдаланып, 1 800 000 теңге пара алды деп айыпталған,Н.С.Ахметовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

2014 жылы 8 қаңтарда Н.С.Ахметов Алматы облыстық ревизиялық комиссиясының бақылаушы-ревизоры ретінде, Іле ауданының оқу орындарын тексеруге жіберілген.

Бір мектептің бухгалтерия құжаттарын тексеру барысында Н.Ахметов орын алған кемшіліктерді себеп қылып, директорғатексеретін басқа мектептерден 300 000 теңгеден жинап беруін талап еткен.Келесі күні барлық мектеп директорлары аталған соманы алып келген. Бірақ, бір мұғалімнің арызы бойынша, ревизорды қаржы полициясының қызметкерлері сол жерде ұстады.

2014 жылғы 11 маусымда Іле аудандық сотының үкімімен Н.С.Ахметов ҚР ҚК-нің 311-бабы 4-тармағы «в» тармақшасымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Сонымен қатар,  3 жылға дейін мемлекеттік лауазымды қызмет атқарудан шеттетіліп, жазасын түзеу колониясының жалпы режиміндеөтеуге сотталды.

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасықаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Облыстық соттың кассациялық сот алқасы сотталушының арызы бойынша аталған істі қараусыз қалдырды.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі