Алматы облыстық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қалдарбек Досымбет Президент жарлығымен Талғар аудандық сотына жаңадан тағайындалған судья Галия Айтбаеваны таныстырып, тағайындалуымен құттықтады және сот төрелігіне қызмет атқару ісінде табыс тіледі.

Сондай-ақ, салтанатты түрде облыстық соттың судьясы Лидия Березовскаяны отставкамен құттықтады.

Қ.Досымбет Лидия Георгиевнаны көпжылдық адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, Алматы облыстық сотындағы судья лауазымында қызмет атқарған уақытта өзін жоғары кәсіпқойлығымен және азаматтық ұстанымымен, сауатты заңгер ретінде танытқанын атап өтті. Лидия Георгиевна мінсіз абырой мен көптеген мемлекеттік марапаттарға ие.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі