Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай жетекші жоғарғы оқу орындарында бірнеше кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештай құқықтық сауаттылық айлығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде сот отырысының оқу залының ресми ашылуы салтанатына қатысты.

А.Ештай студенттер мен ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамының алдында  Ұлт Жоспарын іске асыру туралы дәріс оқып, екінші институционалдық реформаларының аясында – заң үстемдігі сот жүйесіне бекітілген 10 арнаулы қадамның барлығының орындалғанын атап айтты. Ол Ұлт Жоспарын іске асыруда сот жүйесінің ерекше роль  атқаратыны жайлы Президент тезисін еске салды. Дамыған соттар – елдің саяси және экономикалық  жетістіктерінің фундаменті, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастырудың кілті. Онсыз алға нағыз қадам жасауға болмайды.  Тәуелсіздік жылдарында, мемлекетпен осы заманғы сот жүйесін құруға үлкен назар бөлінген, жалпы Қазақстанда өткізілген фундаментальдық реформаларға сай. Әр өткізілетін құқықтық реформалардың мақсаты - Қазақстанның сот әділдігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге көзделуі, заңдардың қатал орындалуы және құқық тәртібін нығайту, - деп А.Ештай атап өтті.

А.Ештай өз баяндамасында жаңа заңнама шарттары бойынша үш сатылы сот жүйесі туралы, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмін және біліктілік талаптарын қатайту, жаңа судьялар Этикасы кодексі, сот төрелігі Академиясының пайда болуы, алқабилер сот институты қызметінінің шеңберін кеңейту, сотта прокурордың қатысуын қысқарту туралы айтты. Ол сондай-ақ, Алматы қалалық сотының төрағасы, сонымен бірге, Жоғарғы Соттың жолдауды орындау мақсатында сот корпусының алдында тұрған тапсырманы жүзеге асыру және билік тармақтары арасында уәкілеттіліктерді бөлу бойынша реформаларды жүргізу жұмысы жөнінде хабардар етті.

Дәріс интерактивті форматта өтті – қатысушыларға «Қазақстанның сот реформасы: кеше, бүгін, ертең», «Қазақстанның сот жүйесіне жаңа технологиялар қалай енгізіліп жатыр» атты бейне роликтер көрсетілді, сонымен бірге Ұлт жоспарын іске асыру ақпаратымен слайдтар көрсетілді.

Кездесу барысында А.Ештай университеттің материалдық-оқу базасымен танысты және ЖОО-ның ситуациялық жағдай орталығында болды.

Іс-шараға жүзден астам адам қатысты.

Кездесуді ұйымдастыруға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің проректоры Ш.Джаманбалаева, ситуациялық орталықтың директоры Е.Х.Ишанов, ректор аппараты басшысының орынбасары С.Даубасов, заң факультетінің деканы Д.Байдельдинов, заң факультеті деканының орныбасары У.Ахатов заң факультетінің кафедра меңгерушісі С.Тыныбеков және т.б. қатысты.

Сонымен бірге, құқықтық сауаттылық айлығы аясында Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ештайдың «Нархоз» университетінің студенттеріне дәріс оқу жоспарланған.

Алматы қалалық соты сондай-ақ, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті мен Жоғары әділет мектебінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен сот өндірісінде ақпараттық технологияларды енгізу бойынша баспасөз-тур өткізуді жоспарлап отыр.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі