Алқа төрағасы, облыстық сот судьялары, аудандық соттардың төрағалары таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы, облыстық соттың судьялары, сонымен бірге облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары ұжымға таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып Бахыт Бақымбайұлы Қасейінов тағайындалды.

Айдар Әскербекұлы Смағұлов, Наталья Алексеевна Шалаева, Жұмабай Мұхамеджанұлы Мұхамеджан Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы  қызметіне тағайындалды.

Жамбыл аудандық сотының төрағасы қызметіне Сәуле Жолдасқызы Садықова тағайындалса, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Несібелді Марданқызы Жәнібекова, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық соттың төрағасы қызметіне Жасұлан Ермекұлы Қабыш, Тимирязев аудандық сотының төрағасы қызметіне Гүлім Еламанқызы Әлжанова, Уәлиханов аудандық сотының төрағасы қызметіне Қанат Кенжебайұлы Әлжанов тағайындалды.

Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі