Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында облыстық сот судьяларының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қарашадағы Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Аталмыш жиынға облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық сот судьялары мен мамандары, қалалық және мамандандырылған соттың төрағалары, адвокатура, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты. 

Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына Жүгінісова Мираш Пәмешқызы, Қанапия Назгүл Тілеулесқызы, Қаржанова Айгүл Базжігітқызы, Ордабаева Самал Тоқтасынқызы, Райымқұлова Айгүл Аташбекқызы;

Ақтөбе қаласының №2 сотына судьясы лауазымына Бақытжан Ерлан Сағынайұлы;

Хромтау аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалған Жұмашкина Саягүл Тәуекелқызы таныстырылды.

Жиында жаңадан тағайындалған судьялардың ресми ант қабылдау және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынырақта тағайындалған судьяларынақызметтік куәліктерін табыстау рәсімі өткізілді.

Облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов судьялардың ант қабылдау рәсімінен кейін олардың жұмыстарына сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыруда әділ әрі бейтарап болу міндетін атап өтті. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі