Ақтобе қалалық сотында тараптар медиациялаық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қалалық соты талап қоюшы З.М.-нің жауапкер С.Л.-ден қарыз ақша өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот отырысы барысында 2014 жылдың 18 тамызында жауапкер талап қоюшыдан 1500 000 теңге көлемінде қарыз алғаны анықталды. Жауапкер С.Л. 2014 жылдың 30 қыркүйегінде қарыз ақшаны төлеуге міндеттенген, алайда өз міндетін орындай алмаған.

Сот отырысында тараптар келесі шарттар бойынша медиациялық келісімге келді:жауапкер С.Л. аталған қарыз соманы мойындап, 2014 жылдың 25 желтоқсанына дейін төлеуге  міндеттенеді, ал талап қоюшы өз кезегінде талап арызынан бас тартады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі