Ақмола облысының соттарында электрондық жаңашылдық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жыл өткен сайын Қазақстан Республикасының сот органдары тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, жаңа электрондық жаңашылдықтар енгізуде.

2014 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен «Қазпошта» АҚ Ақмола облысының Ерейментау және Қорғалжын аудандық соттарында, ал осыған дейін Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының соттарында «Гибридтік электрондық почта» пилоттық жобасын ендірген болатын.

Гибридтік почта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почта.

Осы жағдайда  тапсырыс беруші почта қызметкеріне электрондық құжаттарды пайдаланушыға электрондық тасығышта берілетін немесе пайдаланушының дербес компьютеріне жіберілетін электронды хабарламаны жолдап, ол почта мекемесінде қағаз түрінде шығарылып, конверттерге салынып алушыға шұғыл жеткізіледі. Бұл бір жағынан тапсырыс берушінің хат-хабарды жіберу шығынын азайтып, мысалға көп көлемдегі шоттар мен хабарламаларды, ал екінші жағынан почта қызметкеріне қағаз хаттарды жеткізу бойынша қолайлы және сапалы қызмет ұсынуға мүмкіндік береді.

Жоба бүгіннің өзінде өзінің қолайлылығын байқатты. Атап айтқанда 2014 жылдың 11 қарашасына, яғни жоба қолданысқа енгізілген 13 күнде Ерейментау және Қорғалжын аудандық соттары «Гибридтік электрондық пошта» арқылы 53 электронды шақырту қағаздарын жіберді. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі