Ақмола облысында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС басшысының орынбасары алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС Астрахан аудандық бөлімшесі басшысының орынбасары мен келісім-шарт негізінде қызмет етіп жүрген маманға қатысты алаяқтық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық істер қаралды.

Сот анықтағандай, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС басшысының орынбасары мен маманы, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, жеке кәсіпкерді алдап, электр энергиясы есебі көрсеткіштерінің қателіктері үшін  жалған айыппұл негізінде айыппұл сомасын төмендету мәселесін шешу үшін 108 мың теңге көлемінде ақша алған.

Астрахан аудандық сотының қаулысымен жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтырып, онымен татуласуына байланысты маманға қатысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды.

Сот үкімімен «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС басшысының орынбасары Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен «Алаяқтық» жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілене отырып, 2 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару, қаржы мекемелерінде қызмет жасауға тыйым салынып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес сотталушы негізгі жазадан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі