Ақмола облыстық сотының төрағасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының өкіліменкездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы кәсіпкерлер палатасының Ақмола облысы бойынша директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Геращенко Валентина Сергеевнамен кездесті. 

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңа.ж. 13 қарашада өзара ынтымақтастық туралы қол қойған меморандумы осы кездесудің басты тақырыбына айналды.

Кездесуге облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы А.Қ.Ескендіров пен Ақмола облыстық сотының судьясы Г.Ж.Әлмағанбетова және БАҚ өкілдеріде қатысты.

Бұл кездесу шағын және орта бизнес субъектілерін құқықтары мен заңды мүдделерін аймақтық деңгейде қорғау бойынша өзара ынтымақтастыққа негіз болды.

Кездесу барысында тараптар кәсіпкерлер құқығын қорғауды одан әрі саласын дамыту, кәсіпкерлік субьектілерінің қатысуымен қаралатын сот істерін қарау барысында әділеттік пен ашықтық қағидаттарын сақтау,  сот жүйесінің қызметі туралы кәсіпкерлерді кеңінен хабардар ету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ұлттық кәсіпкелер палатасының өңірдегі өкілі Геращенко Валентина Сергеевна осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін сот төрағасына өзінің ілтипатын білдіріп, алғысын айтты. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі