сот шешімі

Петропавл қаласының №2 соты қызметтік тұрғынжайдан шығару туралы тұрғын үй комиссиясы шешімінің күшін жойды

25/01/2017

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының № 2 соты тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы Т.-ның «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы» КММ-ге өтініші жөніндегі азаматтық істі қарады.

Ақтөбеде сот мүмкіндігі шектеулі азаматтың пайдасына моральдық зиянның өтемақысын өндірді

03/08/2016

Ақтөбе қалалық соты Т. Ахундовтың «Базальт-А» ЖШС, «Казкоммерц-Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-нан 235 013 теңге көлемінде материалдық шығын, 18 764 987 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты

29/07/2016

Батыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сәрсеновке қатысты оның апелляциялық шағымы бойынша түскен қылмыстық істі медиация тәртібі бойынша қысқартты.

Орал қалалық сотының үкімімен Қ.Сәрсенов ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 25 АЕК көлемінде (49 550 теңге) айыппұл төлеуге сотталды.

Атырауда сот азаматты саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп таныды

29/07/2016

Атырау қалалық сотында арыз беруші Рысқали Нұржаубаевтың саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.            

Іс-құжаттарында көрсетілгендей, арыз берушінің әкесі К.Нұржаубаевқа 1937 жылы  «халық жауы» деген айып тағылып, Батыс Қазақстан облыстық УНКВД үштігінің қаулысымен сотталып, 1938 жылы ату жазасына кесілген.

Жоғарғы Сот Қостанай облысы Жітіқара қаласының бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны күшінде қалдырды

28/07/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қаулысымен Е.Жандыровты ӘҚБтК-нің 79-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаулысының күші жойылды. Жоғарғы Сот осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотының қаулысын күшінде қалдырды.

Атырауда мешіттің ғибадат ету тәртібін бұзған келушіге айыппұл салынды

26/07/2016

2016 жылдың маусым айында Т. Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешітінде ғибадат ету уақытында мешіттің ішкі тәртібіне бағынбай,  дауыс көтеріп, имам мен жамағаттың намаз оқуына  кедергі келтірген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген мешіттің ішкі ережесі мен тәртібіне сәйкес, намаз оқушы жамағат ішкі тәртіп-ережелерін мұқият сақтауға, көрсетілген талаптарды орындауға міндетті. Жамағаттарға мешітте дау-жанжал шығаруларына, қарама-қайшы іс-қимыл, әрекеттер жасауларына тыйым салынады.  

Ақмола облысында сот жергілікті бюджеттің пайдасына негізсіз төленген үстемақы сомасын төлеу туралы талап-арызды қанағаттандырды

07/07/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Атбасар ауданаралық түберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынынан негізсіз төленген үстемақы сомасын бюджетке қайтару туралы Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының талап арызы бойынша азаматтық істі  қарады.

Сотта 2013 және 2014 жылдарда кәсіпорынның дәрігер емес, медицина қызметкерлеріне жатпайтын, санитары емес кейбір жұмыскерлеріне үнемделген ақша есебінен жұмыс жағдай үшін үстемақы төленіп отырған.

Көкшетауда сот жеке кәсіпкердің талап арызын ішінара қанағаттандырды

04/07/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан тұрақсыздық және бағамдық айырымды өндіріп алу туралы жеке кәсіпкердің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, тараптар арасында болат құбырларын жеткізу бойынша шарт жасалғаны анықталды. Жауапкер тауар құнын толық көлемде, бірақ мерзімін бұзып төлеген. Осыған байланысты, жауапкер тұрақсыздық сомасын төлеуге міндетті.

Қарағанды облысының МАЭС қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасын өндірді

06/06/2016

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемелекеттік мекемесінің «Аққұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 109 316 970 теңге мөлшеріндегі соманы өндіріп алу туралы талап арызын қарады.

Беттер