сот шешімі

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында дауласушы жақтардың пәтерге қатысты мәселесі шешілді

24/02/2017

Немере ағалы - қарындас қайтыс болған әжелерінің пәтерлерін бөлісе алмады. Мұрагерлік құқығы туралы куәлік бойынша, қайтыс болған әжесі елорда орталығында орналасқан пәтерін бес немересіне қалдырған, даулы мүлікте олардың әрқайсысының ½ үлесі  бар.

Даулы пәтерді тек екі немересі пайдаланған, ал қалған үшеуі Ресей Федерациясының аумағында өмір сүрген. Елімізден тыс аумақта өмір сүріп жатқан немере ағалы - қарындас Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына пәтердің өздеріне тиісті ½ үлестің ақшалай өтемақы құнын өндіріп алу өтінішімен шағымданған.

Батыс Қазақстан облыстық соты Банк салымшысының құқығын қорғады

24/02/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азаматша Х-тің Банкі-нан депозит бойынша сыйақы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша сот шешімін өзгеріссіз, жауапкер Банкі-ның апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Талапкер талап арызымен сотқа жүгініп, Банк тараптардың 12 ай мерзімге жасаған банктік салым шарттарын бұзып,  2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін 2 333,77 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйақыны төлемеген деп есептейді.

Шығыс Қазақстан облысында сот жұмыстан босатылған мектеп директорының орынбасарын бұрыңғы қызметіне қайта қабылдады

22/02/2017

Бұрыңғы мектеп директорының орынбасары М, «Солоновка орта мектебі» КММ-не  жұмыс орнына қалпына келтіру және мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін еңбекақы төлеу туралы талап-арызы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық сотына  жүгінді.

Ақтауда сот банктің комиссия есептеу әрекеті заңсыз деп танылты

21/02/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Л-ның  жауапкер екінші дәрежелі банктің несие беру шартындағы 8.3 тармағын заңсыз деп тану, ақшаны және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер мен жауапкер арасында 3 000 000 теңге банктік несие беру шарты жасақталып, шарттың 8.3 тармағында банктік несие рәсімдеу қызметтерін көрсетуге байланысты берілетін несие сомасынан 0,3% комиссия ұстап қалу көзделгені анықталды.

Ақмола облысының сотында татуласу келісімі бекітіліп, заңсыз жұмыстан шығарған оқытушы жұмыс орнына қайта орналастырылды

20/02/2017

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотына азаматша Ж. балалар музыкалық мектебі директорының жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, еріксіз бармаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны өндіріп алу, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлеу туралы талап арызымен жүгінді.

Қостанайда сот пәтерді жекешелендіруден бас тартуды заңсыз деп тапты

20/02/2017

Қостанай қалалық сотына Т. қаладағы пәтерді жекешелендіруден бас тарту туралы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің шешімін заңсыз деп тану туралы шағымымен жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мәлімдегендей, 1998 жылдың 6 наруызындағы әкімнің өкіміне сай, үй кезегінде тұрған оның жұбайына  аумағы 80.8 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтер берілген. Шағымданушы мен оның отбасы мүшелері осы күнге дейін аталған пәтерде тұрып жатыр.

Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік қағидатын ұстану

17/02/2017

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылы ӘҚБтК-нің 440 б. 4 б.  бойынша 26 әкімшілік іс қарады.

Әңгіме қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкен күйде жүрген тәртіп бұзушыларға қатысты. Сонымен бірге, аталған тұлғалар құқық бұзушылықтарын қайталап, бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған. Бұл ретте құрамында спирт бар алкоголь өнімдерін - қонақта, мейрамхана және т. б. қолданғаны маңызды емес.

Атырау қалалық соты асыраушысынан айырылуына байланысты асырауындағыларға залалды өндіру құқығын таныды

08/02/2017

Атырау қалалық сотына К. және А. қайтыс болған жұмысшының қарт анасы мен кәмелет жасына толмаған баласына ол кәмелетке толғанға дейін асырау үшін «С» ЖШС-ден қаражат өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Арқалықта ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау шағымы бойынша азаматтық іс тараптардың бітімгершілікке келуімен тоқтатылды

30/01/2017

Республикалық «Время» газетінің өткен жылдың 12 шілдесіндегі санында жарық көрген «Дело пахнет соляркой» атты мақалада келтірілген мәліметтер арқылы өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірілді деп санаған Б.-тың М.-қа қатысты шағымы бойынша азаматтық іс сотта тараптардың бітімгершілікке келуімен аяқталды.

Беттер