Ақмола облысының сотында татуласу келісімі бекітіліп, заңсыз жұмыстан шығарған оқытушы жұмыс орнына қайта орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотына азаматша Ж. балалар музыкалық мектебі директорының жұмыстан шығару жөніндегі бұйрығын заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, еріксіз бармаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны өндіріп алу, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлеу туралы талап арызымен жүгінді.

Сот, азаматша Ж. балалар музыкалық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған кезінде, алты ай ем алуда болғанын анықтады. Осыған байланысты, оқу орнының директоры оны жұмыстан шығарған. Директордың шешімімен келіспей, азаматша Ж. сотқа жүгінген.

Сотта мектеп директоры мен талапкер келесі шарттар бойынша татуласу келісімін жасады. Біріншісі – талапкер жұмысқа қайта орналастырады, еріксіз болмаған күндерге еңбекақы және әлеуметтік жәрдемақыны төлейді, сонымен қатар, жыл сайынғы еңбек демалысы жөніндегі берешекті төлейді, ал талапкер - талап арызынан бас тартады.

Сот татуласу келісімді бекітті, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі