Шығыс Қазақстан облысында сот мектептің бұрыңғы бухгалтерінен өзі иемденіп алған 16 миллионнан астам теңгені өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты аса ірі көлемде ұрлық жасаған мектептің бұрынғы бухгалтері Г-ға қатысты  қылмыстық істі қарады.

Сот тергеуі барысында,  Г., мемлекеттiк функцияларды орындауға өкілеттілігі бар адам  бола тұра, 2012 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың қыркүйек айы аралығында өзiнiң қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік қаражатты заңсыз иемденіп алу арқылы, яғни ол өзі жұмыс істейтін мектептің қаражатын заңсыз өзінің есеп шотына және аталмыш мектепте жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп-шоттарына аударып отырғаны анықталған. Осылайша, ол жалпы көлемдегі  16 234 952 теңгені тиісті банктің терминалдары арқылы өзі алып отырған және мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

Сот мектептің бұрыңғы бухгалтерін өзіне сеніп тапсырылған затты иемденгені үшін кінәлі деп танып, оған мүлкін тәркілеумен қоса, мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда қызмет лауазымдарды атқаруға қызметінен өмір бойына айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын басшылыққа ала отырып,  тағайындалған жазаның жартысы қысқартылып, түпкілікті үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оған қоса, сот сотталушыдан мектеп пайдасына 16 234 952 теңгені құрайтын материалдық залал мөлшерін толық көлемде өндірді.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі