Оңтүстік Қазақстан облыстық соты

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Бала құқықтарын қорғауда халықаралық конвенцияны қолдануының өзекті мәселесі» талқыланды

26/05/2017

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Бала құқықтарын қорғауда халықаралық конвенцияны қолдануының өзекті мәселесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.

Іс-шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов пен судьялар, медиаторлар, прокуратураның, адвокаттар, сот орындаушылар, Шымкент қаласының білім бөлімі мен ІІБ-ның және БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов: «Билерге тағзым» велошеруіне қатысушылар билер соты институтының тарихи мұрасын кеңінен насихаттауды мақсат етеді»

15/05/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты облыс әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп,  «Билерге тағзым» атты дәстүрлі велошеруді өткізді.

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

11/04/2017

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары Клара Жаппасова мен Аида Байтурова, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының студерттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында судьялар студенттерге Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің бірқатары Парламент пен Үкіметтің арасында бөлінуіне байланысты Конституцияға енгізілген өзгерістер, олардың рөлдерінің күшейтілуі, сот жүйесі мен прокуратура органдары бойынша нақтыланған өзгерістер жөнінде түсіндіріп өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында соғыс және сот жүйесінің ардагері А.Бекназаровқа құрмет көрсетілді

31/03/2017

Салтанатты іс-шараға облыстық соттың төрағасы мен судьялары, облыс әкімінің орынбасары, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен отставкадағы судьялар, аудандық соттардың төрағалары мен жас судьялары, ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы мен «Жас ұлан» мектебінің ұландары, Мақтаарал ауданының және Шымкент қаласы Абай ауданының әкімдері, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жаңа заңнамаларды қолдану мәселелері бойынша семинар сабағын өткізді

18/03/2017

Семинар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы Заңын оқып білуге бағытталған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жер заңнамасын қолданудың мәселелері талқыланды

17/03/2017

«Дөңгелек үстел» мәжілісіне облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов және облыстық, аудандық соттардың судьялары мен облыстық прокуратура, аудан, қала әкімдіктерінің, облыстық жер қатынастары басқармасының, ОҚО өңірлік бағалау палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның ОҚО бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстаноблыстық сотының төрағасы Төле би ауданының тұрғындарымен кездесті

16/03/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың Төле би ауданының Сарқырама ауылындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындармен өткен кездесуіне 250 адам қатысты.

Кездесуді Төле би ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ашып, бүгінгі кездесуге ауданның ардагерлер, мәслихаттардың депутаттары мен құқық қорғау органдарының басшылары, медиаторлар мен білім, мәдениет, медицина салаларының қызметкерлері және журналистер қатысып отырғандығын айтты.  

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесті

02/03/2017

Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде ауыл билері мен тұрғындары, ардагерлер мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, білім, медицина салаларының қызметкерлері, аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының басшылары және журналистер болды.

Кездесуді Қазығұрт ауданының әкімі ТөлегенТелғараев ашып, аудан тұрғындарымен осындай кездесуді ұйымдастырғаны үшін облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріповке алғысын айтты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

27/02/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов облыстық соттың судьяларына «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 426 Жарлығына сәйкес, облыстық соттың судьясы қызметіне жаңадан тағайындалған Аида Байтұрова, Бәйдібек Дүйсебеков, Клара Жаппасова, Гүлмира Қыдырбаева және Тамара Смайлова таныстырды.

Алқабилер соты – халықтың сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігі

24/02/2017

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен ОҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының алқабилер сотына 10 жыл толуына орай, «Алқабилер соты – сот төрелігін жүзеге асырудың демократиялық институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Беттер