Оңтүстік Қазақстан облыстық соты

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы 2016 жылдың 6 айында облыс соттарының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

15/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік  Шәріпов Орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалында баспасөз конференциясын өткізді.

Журналистердің сұрақтарына қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқаларының төрағалары да жауап берді.

ОҚО соттарында «Сот терминологиясы мен әдеби тіл нормасы» тақырыбында семинар сабақтар өтті

20/05/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік тілді дамыту және редакциялық-баспа жұмыстары секторының меңгерушісі Т.Бекбосын Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарында «Сот терминологиясы мен әдеби тіл нормасы» тақырыбында семинар сабақтар өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы БАҚ және ҮЕҰ басшыларымен кездесті

16/05/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесті.                                                                               

Кездесуге облыстық соттың алқа төрағалары, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері, соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьялары мен баспасөз хатшылары, сонымен қатар Соттар әкімшісінің  басшылары қатысты.                                                                      

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті судья А.Бекназаровты ұлықтады

29/04/2016

Жеңістің 71 жылдық мерекесінің қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті судьясы Айтжан Бекназаровты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.                                                                                            

Судьялар ардагерді облыстық сот ғимаратының алдына орнатылған, соғыс және еңбек ардагерлерінің есімдері жазылған Даңқ тақтасының жанында қарсы алып, осы ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

ОҚО соттары Сайрамдағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен Наурыз мейрамын тойлады

04/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты әсем Төле би ауданында орналасқан «Алматау» демалыс аймағында облыс судьялары Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шарада құрметті қонақ ретінде сот жүйесінің ардагерлерінен бөлек облыс соттары үш жылдан бері қамқорлыққа алып келе жатқан Сайрамдағы №4 балалар үйінің барлық 97 тәрбиеленушісі қатысты.

Салтанатты іс-шара облыстық соттың судьялары мен мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған флешмобпен басталып, бірден көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырды.

Оңтүстік Қазақстан облысында медиаторларға арналған семинар өтті

09/03/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, медиация тәртібінде татуластыру рәсімін өткізуге уәкілетті кәсіби емес медиаторлар үшін «Медиация рәсімі және даулар мен келіспеушіліктерді реттеудегі медиаторлардың құралдары» тақырыбында семинар өткізді.

Беттер