Оңтүстік Қазақстан облыстық соты

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты үй иесінің құқығын қорғады

09/04/2018

Шымкент тұрғыны М. Еңбекші аудандық сотына сатып алу-сату туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген. М.-ның пікірінше, даулы шарттар тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілелер (жалған мәміле) болып табылады.

Бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан. Мұндай шешімімен келіспеген ол апелляциялық арызбен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына шағымданған.

Жаңартылған заңнамаға сәйкес Қазақстанда алғаш рет «электронды қылмыстық іс» қаралды

09/01/2018

Шымкент қаласының Абай аудандық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес айыпталған сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс электронды нысанда келіп түсті.    

 Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы А.  2017 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.00 шамасында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында жәбірленушінің үйіне кіріп, құны 30 000 теңге тұратын жылытқышты ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Басты сот талқылауы барысында тараптар татуласты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты «Жас судьяның қалыптасуындағы тәлімгердің рөлі» атты семинар өткізді

28/12/2017

Іс-шараға өңірдің Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және аудандық соттардың тәлімгер-судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов семинар жаңадан тағайындалған судьялардың кәсібилігін арттыруға бағытталған Тәлімгерлік институтын жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Атырау мен Шымкентте өз еркімен салынған құрылыстарды бұзу туралы дауларды шешу мәселелері талқыланды

22/12/2017

Атырау облыстық сотында «Өз еркімен салынған құрылысты бұзу туралы дауларды қараудың сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.

Аталған семинарға судьялар, «Атамекен» ҰКП филиалының, қалалық әкімдіктің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, қалалық жер қатынастары мен шағын және орта бизнес субъектілері бөлімінің өкілдері қатысты.

Шымкентте, Ақтауда және Қостанайда билер сотының мұрасы талқыланды

14/12/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты «Қазақ даласының билер соты – тарихи ұлыттық құндылық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, облыстың құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар, ректорлар, профессорлар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Республика соттары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізді

27/11/2017

Алматы қалалық сотында «Ұлттық сана жаңғыруы және тарихи тұлғалар өнегесі»  тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысында  судьялар, белгілі заңгерлер мен тарихшылар, филолог, этнограф ғылымдар, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, отставкадағы судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қазақ даласының билер соты және Алашорда интеллигенциясы» тақырыбында мәжіліс өтті

02/11/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қазақ даласының билер соты және Алашорда интеллигенциясы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов пен осы соттың судьялары мен мамандары, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық соттарының төрағалары мен судьялары, ақын-жазушылар, тарихшылар, ғалымдар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкенттің ювеналдық сотында Бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

26/10/2017

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.                                 

Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Нұрлан Биболов қатысты.

Меморандум дау-жанжалддарды азайтып, оларды сотқа дейін реттеу, сотта бітімгершілік рәсімдерін қолдануды арттыруға бағытталған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Азаматтық процестік кодексті қолданудың өзекті мәселелері талқыланды

17/10/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында судьялар, прокурорлар және адвокаттар «дөңгелек үстел» мәжілісі барысында Азаматтық процестік кодексті қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.

Талқылау барысында қызу пікір алмасу болды.

Беттер