Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жаңа заңнамаларды қолдану мәселелері бойынша семинар сабағын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Семинар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы Заңын оқып білуге бағытталған.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы Нормативтік қаулысын және «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Нормативтік қаулысына 2016 жылдың 25 қарашасындағы жағдайға сәйкес енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қарастырды.

Заңнамалардағы жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша облыстық соттың судьялары А.Тоқсанбаев, М.Парменов, Т.Оңғарбаев, Ж.Ким, Н.Ауезов, Б.Дүйсебеков баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар тарапынан Азаматтық процестік кодекстің дайындық және сот процестерін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін нормаларды сот тәжірибесінде қолданылуы мұқият зерделеніп, нақты азаматтық сот ісін жүргізудің жекелеген сатыларында мерзімдерді мүлтіксіз сақтау, сот отырыстарын негізсіз кейінге қалдыруға жол бермеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар