Оңтүстік Қазақстаноблыстық сотының төрағасы Төле би ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың Төле би ауданының Сарқырама ауылындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындармен өткен кездесуіне 250 адам қатысты.

Кездесуді Төле би ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ашып, бүгінгі кездесуге ауданның ардагерлер, мәслихаттардың депутаттары мен құқық қорғау органдарының басшылары, медиаторлар мен білім, мәдениет, медицина салаларының қызметкерлері және журналистер қатысып отырғандығын айтты.  

Облыстық соттың төрағасы: «Былтыр  өткен Қазақстан судьяларының VII съезінде Елбасымыз құқықтық ағартушылық мәселесiн айтып, азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларының санын айтарлықтай азайтуға болады» – деген тапсырмасын іске асыру және еліміздің сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңа заңнамаларды халыққа түсіндіру мақсатында және тұрғындардың сұрақтарына жауап беру үшін келгенін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша соттар тарапынан қолға алынған бастамалар туралы және конституциялық реформаға сәйкес Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігі артып, Парламентке, Үкімет пен атқарушы органдардың қызметін бақылау үшін жаңа өкілеттіктер беріліп, сот билігінің қызметі де жетілдіріле түскенін атап өтті.    

Нұрсерік Кәрімұлы, өз баяндамасында Ұлт Жоспарын практикалық тұрғыдан іске асырудың негізгі нәтижелеріне тоқталып, үш сатылы сот төрелігі жүйесі сәтті іске қосылып, судьяларды іріктеу мен ілгерілету жүйесі қатаңдатылып, Сот жюриінің жұмысы реформаланғанын және Жоғарғы Сот жанынан инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа, Сот төрелігі академиясы мен Халықаралық кеңес құрылғанын, тергеу судьяларының, алқабилер сотының құзыреті кеңейтіліп, азаматтық істер бойынша прокурорлардың сотқа қатысуы қысқартылғанын, жаңа ақпараттық технологиялардың іске қосылуы соттардың қызметін бұрынғыдан да ашық ете түскенін, жаңа Азаматтық процестік кодекс пен қылмыстық заңнама тиімділігін көрсетіп, медиацияны қолданып аяқталған істердің саны үш есеге өскенін атап өтті.

Қатысушыларға сот өндірісінде қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, соның ішінде «Сот кабинеті», «Төрелік» сервистеріне қатысты және тағы басқа бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу барысында Н.Шәріпов аудан тұрғындары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Кездесуді аудан әкімі қорытындылап, бұл жиын азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруда пайдалы болғанын  айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі