Атырауда татуласу және құқық қорғау қызметтерінің орталығы ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және өңір прокуроры Халидолла Дәуешов салтанатты түрде татуласу және құқық қорғау қызметтері орталығының ашылу рәсімінің белгісі ретінде лентаны кесті.

Өз сөзінде, М.Бектұрғанов пилоттық жобаларды іске асыру шеңберінде бір ғимарат базасында екі орталықты біріктіру туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Егер бұрын қызмет жасаған орталық құқық  қолдану қызметтерін ғана көрсеткен болса, енді азаматтар осы жерде білікті құқықтық, психологиялық және медиативтік көмек ала алады. Осылайша, біз қызмет көрсету спекторын азаматтардың пайдасы үшін кеңейте түстік», - деді М.Бектұрғанов.

Облыстық соттың төрағасы алдағы уақыттарда түрлі даулар медиаторлардың, конфликтологтардың және психологтардың көмегімен шешілетіндігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ кесте бойынша облыстық сот төрағасы мен Судьялар әдебі жөніндегі комиссиясының мүшелері қабылдаулар өткізеді.

Орталық барлық қажетті инфрақұрылыммен жасақталған, мамандар кабинеттерге орналастырылған, келушілер үшін электрондық кезек жұмыс істейді, күту залы келушілер үшін жайлы, балалалр үшін ойын алаңы бар.

Х.Дәуешов, өз сөзінде, сот органдары мен прокуратура ортақ міндетті шешуге –қоғамдағы жанжалды азайтуға  бағытталғанын атап өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін облыстық сот төрағасы, прокурор, қала әкімі мен полиция, әділет және мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары  азаматтар қабылдауларын өткізді.

 

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі