Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген зиянның орны толтырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотына М. азаматшасынан жол-көлік оқиғасы салдарынан денсаулыққа келтірілген моральдық және материалдық зиянды өндіру туралы талап арызымен К. азаматшасы жүгінген.

Сот отырысында талапкер К. «Алматы-Екатеринбург» тас жолындағы 1124  км.  жүргізуші  К.  басқарған  «Ваз  2107» автокөлігі  жауапкер  М. басқарған «Тойота Королла» автокөлігімен жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып кету себебінен соқтығыс болғанын түсіндірді. Осы жол-көлік апатының салдарынан ол түрлі дене жарақатын алған.

Жауапкер М. сот отырысы болатын күні мен орны туралы тиісті түрде хабардар болса да, сот отырысына келмеген. Сот отырысын кейінге қалдыру не оның қатысуынсыз қарау туралы жазбаша өтініші түспеген. Талапкердің өтініші бойынша іс сырттай өндірісте қаралды.

Сот аталған талап бойынша арыз талаптарын жартылай қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарды.

Сырттай шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі