Жоғарғы Сотта ведомстволық статистиканы жүргізу мәселелері бойынша семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі электрондық ақпараттық есептік құжаттарды қалыптастыру және ведомстволық статистиканы жүргізу мәселелері бойынша бейнебайланыс арқылы семинар сабағын өткізді.

Семинар жұмысында жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері мен статистикалық есептерді қалыптастыруға жауапты мамандар қатысты.

Семинар шеңберінде ведомстволық статистиканы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы сот органдардың Бірынғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне мемлекеттік баж салығы, істерді қарау мерзімдері және қылмыстық істер бойынша сотталғандарға тағайындалған айыппұлдың сомалары бойынша мәліметтерді дұрыс қалыптастырылуын тексеру мәселелеріне түсіндірмелер берілді. Электрондық ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін толтыру бойынша семинарға қатысушылардан түскен сұрақтарға жауап берілді.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі