Жоғарғы Сотта Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов жоғары сот органы аппаратының қызметкерлерін Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негізі қайта қаралды, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау мен мансаптық ілгерілетудің жаңа құралдары енгізілді. Осы жұмыстың негізгі қағидаттарына меритократия, ашықтық пен баршаға арналған тең мүмкіндіктер жатады. Осының нәтижесінде, мемлекеттік қызмет, бүгінде, шын мәніндегі неғұрлым қабілетті әрі талантты адамдарды мемлекеттік маңызды позицияларға шығаруға мүмкіндік беретін баршаға арналған әлеуметтік лифт болып табылады», - деді.

Департамент басшысы өз сөзінде Жоғарғы Соттың аппараты мен жергілікті соттардың әкімшілері Ұлт Жоспарында сот жүйесін реформалау бойынша Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы әрі уақытылы іске асыруға белсене үлес қосқанын атап өтті. «Сот жүйесі жүзеге асырылатын жұмыстардың тәсілдері бойынша өзге салаларға үлгі болып табылады. Барлық реформалар республика судьяларының VII съезінде ел басшылығының жоғары бағасын алды», - деді ол. Мемлекеттік қызметші күнделікті жауапты жұмысы арқылы елімізді одан әрі дамытуға және құқық үстемдігі қағидатын тәжірибеде іске асыруға үлес қосатындығы айтылды.

Н.Шәріпов Жоғарғы Сот пен Астана қалалық сотының қызметкерлері үшін баспана мәселесін шешу және қызмет тиімділігін бағалау нәтижесінде бонустық сыйақы жүйесін енгізу мәселесін пысықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы айтып өтті. «Бұл құзырет, жұмыс қабілеті және еңбекақы арасындағы тікелей өзара байланыс негізінде іске асырылуы тиіс», - деп есептейді Департамент басшысы.

Іс-шара барысында Жоғарғы Сот аппаратының бірқатар қызметкерлері Департаменттің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Судьялар одағының наградаларымен және грамоталарымен марапатталды.

Айталық, Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Нұрлан Қалқа, Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту, ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімдерінің меңгерушілері Владимир Лушников пен Серғазы Омаш ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Жалпы бөлімнің және Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) сектор меңгерушілері Снежана Амангелдиева мен Бауыржан Бөстеков, сондай-ақ Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты Әсел Бейсенова марапатталды.

Республикадағы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен Департамент басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев, Құрмет грамотасымен  - Департамент басшысы Әсия Қасенова марапатталды.

Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталғандар қатарында Департаменттегі Жалпы бөлімнің және Талдау және жоспарлау бөлімі секторының меңгерушілері Светлана Калмыкова мен Әсия Махамбетова бар. Агенттіктің құрмет грамотасымен – Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары Айдос Садуақасов пен Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты Әсел Бейсенова Агенттіктің құрмет грамотасымен марапатталды.

Марапатталғандардың толық тізімімен төменде танысуға болады:

/sites/default/files/u273/spisok_nagrazhdaemyh.docx.

Қайнар: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі