Жоғарғы сотта құрылымдық бөлімшелердің жаңа басшылары таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы сотта жаңадан тағайындалған екі құрылымдық бөлімшенің басшысы таныстырылды.

Лаура Құрмантаева мамандандырылған сот алқасы хатшылығының меңгерушісі, Нұрхан Мерманқұлов - талдау және жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды.

Лаура Серікқызы Құрмантаева 1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Әр жылдары Л.Құрмантаева ҚР Әділет министрлігінде тергеулерді ұйымдастыру басқармасында аға тергеуші, ҚР Бас прокуратурасы сот қаулыларының және әкімшілік және азаматтық істер бойынша атқару өндірісінің заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, Жоғарғы сот аппаратының қылмыстық істер бойынша алқа қызметін қамтамасыз ету бөлімінің  меңгерушісі, сот мониторингі, ұйымдастыру-талдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. Осы кезге дейін Жоғарғы сот жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің талдау және жоспарлау бөлімін басқарды.

ҚР Президентінің алғысхатымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, үшінші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, Жоғарғы сот төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

Нұрхан Мейірханұлы Мерманқұлов 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

1999-2012 жылдары Н.Мерманқұлов Алматы қаласы проурорының аға көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға референті, Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің бас сарапшысы, ШҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті бастығының орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты аппаратының Конституциялық заңдылық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. Осы кезге дейін ҚР Парламенті Сенаты аппаратының ақпараттық-талдау бөлімін басқарды.

Қаржы полициясының полковнигі.

«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі