Жер қатынастары бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Жакеновке қатысты қылмыстық істі қарады.

Б.Жакенов өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жер телімін заңсыз бергені туралы фактісін жасыру үшін азамат К-дан 20 000 АҚШ долларын талап еткен. Бөлім басшысын 1 000 000 теңге көлеміндегі бастапқы соманы алу кезінде сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу қызметкерлері ұстады.

  Сот үкімімен Б.Жакенов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігіне (пара алу) сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған  3 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тиесілі мүлкі тәркіленіп, оны  мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды. Жазаны жалпы режиміндегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі