Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев аймақ тұрғындарымен онлайн-конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Интернет-конференцияның өткізілетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, Facebook порталы арқылы да жарияланды.

Төрағаман тікелей байланысу мүмкіндігімен 21 азаматтармен және заңды тұлғалар қолданды. ЭЦҚ-ның жоқтығы төрағаның бастамашылығымен ұйымдастырылған іс-шарағы қатысуға бөгет бола алмады, себебі осы күні сағат 09.00 ден 13.00 ге дейін сұрақтарды соттың электрондық поштасы арқылы да жіберуге мүмкіндік болды.  

Тұрғындарды банкроттықты оңалту, рақымшылық, медиация институтының жағымды аспектілеріне, қарызды куәгердің қатысуымен қолхатсыз өндіруге, судьялыққа үміткерлерге қойылатын, жаңа талаптарға, еңбек заңнамасына қатысты сұрақтар қызықтырды.

Түскен сұрақтар  Р.Алшынбаевтың жеке бақылауына алынып, тез жауаптар берілді: онлайн-диалогтың қатысушылары қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.

Облыстық соттың төрағасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс тұрғындарымен онлайн-кездесулерді тұрақты түрде әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіп отырады. Келесі онлайн-конференция 2017 жылдың 30 наурызына белгіленген.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі