Жамбыл облыстық сотында халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық соты «Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі халықаралық шарттардың нормаларын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Еуразиялық Экономикалық Одақ Соты төрағасының орынбасары Жолымбет Баишев, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, облыс судьялары, прокуратура, адвокаттар алқасының, кеден органдарының, ішкі істер органдарының өкілдері, облыстың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының өткен судьялар съезінде сот қауымдастығының назарын «Ұлттық сот жүйесі - қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,  заң үстемдігі, мемлекеттің және қоғамның мүдделерін тұрақты түрде мүлтіксіз сақтау, қоғам тұрақтылығының  сенімді кепілі болуы тиіс» екендігіне аударып, Қазақстанның сот қауымдастығының халыққа қызмет етудің маңызы зор екенін атап өтті. 

«Судьялар жалпы әлемдік стандарттардың алдыңғы шептеріне сәйкес мемлекетіміздің дамуы бойынша Елбасымен қойылған тапсырмалардың жүзеге асуына  қомақты үлестерін қосуда», - деді Р.Алшынбаев.

ЕЭО Соты төрағасының орынбасары Ж.Баишев «Шаруашылық жүргізу субъектісінің құқығын қорғау және интеграцияны бекітудегі ЕЭО Сотының рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Одан әрі «дөңгелек үстел» барысында сот-құқықтық реформасының аясындағы қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселелері талқыланып, сот жүйесінің әлемдік стандарттарының алдыңғы шептеріне сәйкес дамуы бойынша Елбасы қойған тапсырмалардың тиімді жүзеге асуына оңтайлы жағдайлар құру жолдары ұсынылды.

Талқылауды аяқтағаннан кейін «дөңгелек үстелге» қатысушылар судьялар мен үкіметтік емес ұйымдар, адвокаттар алқасы, прокуратура, басқа да мемлекеттік органдарының және жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық конвенцияларды, шарттарды бірлесіп талқылау тәжірибесін жалғастыру туралы қарар қабылдап, облыс судьяларына сот актілерін шығару кезінде халықаралық конвенцияның нормаларын және шарттарын кеңінен қолдану ұсынылды.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі