«Закон.kz» ақпараттық агенттігі Солтүстік Қазақстан облысының судьяларына алғыс білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Закон.kz» ақпараттық  агенттігі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыс кезеңдері» акциясына белсенді қатысқандары үшін Солтүстік Қазақстан облысының судьяларына алғыс білдірді. Судьялар әңгімелердің сериясын, ардагерлердің, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктеріндегі соғыс тарихы туралы мақалалар жазған.

Акция өткізу кезінде «Закон.kz» редакциясына соғыс туралы, қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен батырлығы туралы жүздеген хат, сондай-ақ фотосуреттер, мұрағаттық және басқа да құжаттар келіп түскен.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Ә.Мәмидің атына жолданған хатта «осы акцияға сот жүйесінің өкілдері де қатысып әкелерінің, ата-бабаларының жауынгерлік ерлігі туралы ойларымен бөліскені үшін куаныштымыз. Әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысы сот жүйесінің судьялары мен сот қызметкерлері ерекше көзге түсті. Акция барысында олар сайттың редакциясына материалдардың көп бөлігін – фотосуреттері бар 12 әңгіме жолдады, бұл әңгімелердің барлығы дерлік жарияланды»  деп көрсетілген.

Агенттік облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай бастаған Солтүстік Қазақстан облысы сот жүйесінің өкілдері барлық мемлекеттік органдар арасында сапалы материалдар жолдауымен ерекшеленгенін атап өтті.

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі