Таразда терроризм актісі туралы жалған хабар фактісі бойынша үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тараз қаласы №2 соты азамат С.Халезинге қатысты қылмыстық істі қарады. 

2015 жылғы тамызда С.Халезин ішімдік ішіп, мас күйінде өз үйінде отырып, терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау мақсатында Тараз қаласы ІІБ ЖБО «102» нөмірі бойынша қоңырау шалған.  Ол өзінің көпірде тұрғанын және өзін жарғалы жатқанын хабарлаған.

Сот үкімімен С.Халезин Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау)  кінәлі деп танылып, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы түзеу колониясының ерекше режимінде өтеу белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі