Таразда тергеу судьяларының тәжірибелік қызметі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотында жаңа қылмыстық-процестік заңнама аясында тергеу судьяларының қызметі талқыланды.

Іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының  төрайымы Ғазиза Мұсабекова, облыстық соттың судьялары, тергеу судьялары, аудандық және қалалық соттардың төрағалары, прокуратура, құқық қорғау органдары мен адвокатура өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» жаңа қылмыстық-процестік заңнама талаптарында  облыстың тергеу судьяларының тәжірибелік қызметін талдауға арналды.

Тергеу судьяларының институты біздің елде осы жылдың басынан бері қызмет атқарып келеді.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары тағайындаған тергеу судьяларына үлкен өкілеттілік берілген. 

Атап айтсақ, олардың қызметіне күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасын санкциялау, үй қамауында ұстау, кепілді қолдану, мүлікке тыйым салуды санкциялау, анықтаушының, анықтау органдарының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарау жатады. Сонымен қатар, тергеу судьясының құзырында қылмыстық істің барлық материалдарымен танысып зерттеу, іс туралы қосымша ақпарат талап ету мүмкіндігі бар.

Ғазиза Мұсабекованың айтуынша, жылдың басынан бері облыстың тергеу судьялары 557 өтінішхат пен ұсынысхат қараған. Оның 540-ы қанағаттандырылды.

Судьялар ай сайын семинарлар өткізіп келеді. Онда бірінші сатылы соттардың судьяларының тәжірибесінде туындайтын мәселелер толықтай талқыланды.

«Алдағы екінші жартыжылдықта көп жұмыс атқару керек, құқық қолдануда қайшылықтарды болдырмауы тиіс. Сондықтан тергеу судьяларына жаңа рәсімдерді нақты еңсеру керек», – деп айтты Ғазиза Мұсабекова.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар күзетпен ұстады бұлтартпау шарасын санкциялау, мүлікке тыйым салуды санкциялау, анықтаушының, анықтау органдарының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарау тәжірибелерін талқылады.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар жаңа қылмыстық-процестік заңнама талаптарымен тергеу судьясының жұмысын жақсартуға бағытталған тәжірибелік тұжырымдамалар қатарын әзірледі.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі