Сот жүйесі Ұлт жоспарын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазіргі уақытта сот жүйесінде Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Соның ішінде 20-қадамды орындауда барлық сот процестерін аудио-бейнетіркеу (бұдан әрі – АБТ) жүйесін енгізу бойынша шаралар белсенді түрде іске асырылып жатыр.

Сонымен, қазіргі таңда осы жүйемен 550 сот залы жабдықталды және 176-сы (бағдарламалық қамтамасыз ету бөлігінде) жетілдірілді. Республика бойынша жаңа АБТ жүйесімен залдардың жабдықталуы шамамен 55%-ды құрайды. Осы ретте Астана және Алматы қалаларының соттары 100% жабдықталған.

Үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде жергілікті соттар 13 мыңнан астам сот процестерін жаңа АБТ жүйесін қолдана отырып өткізді.

Сонымен қатар үстіміздегі жылы республика жергілікті соттарының барлық сот отырысы залдарын жаңа АБТ жүйелерінде толығымен жабдықтауға жету жоспарланған.

Осы ретте орнатуға жоспарланған және қазіргі уақытта қолданылатын АБТ жүйелерінің деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі бар, сондай-ақ сот органдарының «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесімен» және «Сот кабинеті» онлайн-сервисімен біріктірілген.

Осыдан басқа судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің жазбаны тоқтата тұруын немесе аудио-бейне тіркеу материалдарын редакциялауын болдырмау мақсатында АБТ бағдарламалық қамтамасыз етуін түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

АБТ жүйесін интернет-ресурста орналастырылған істерді қарау тізімімен интеграциялау қазірдің өзінде сот отырысының нақты басталу уақытын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Сот отырысының қатысушылары «Сот кабинетін пайдаланып, деректерді сақтаудың орталықтандырылған жүйесі арқылы шынайы уақыт режимінде сот отырысы жазбаларын көру мүмкіндігін қолдана алады.

Сонымен бірге, АБТ шеңберінде тергеу изоляторларымен және түзеу мекемелерімен сот отырыстарын қашықтықтан бейнебайланыс арқылы өткізу мүмкіндігін дамыту жоспарланып отыр.

Қылмыстық істерді қарау кезінде тергеу изоляторларында және бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталушыларды этаптаусыз сот отырыстарын бейнеконференция байланысы арқылы қашықтықтан өткізу  бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да қатерлерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сот отырыстарын өткізудің осы түрін барлық жерде қолдану ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің келісілген әрекеттеріне де байланысты.

Сот процестеріне аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу – бұл баршаға мобильді, айқын, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделген, уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы тағы бір қадам.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі