Сот жұмыскерлердің құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Рудный қалалық соты «Karikz» ЖШС-нің аяқ-киім дүкенінің үш қызметкердің материалдық залалды өндіру туралы шағымын қарады.

Сотқа жүгінген талапкер өз шағымында толық материалдық және ұжымдық жауапкершілік туралы еңбек келісімшартының талаптарына қарамастан,  3 630 575 теңгенің тауарлық-материалдық құндылықтарды талан-таражға салуға жол берді деп  көрсеткен.

Сот отырысы барысында жауапкерлер талапкердің шағымын толығымен мойындамай, ЖШС жұмыскерлерді жеткіліксіз қаражатты растайтындықтарын және оны лауазымдық жалақыларына сәйкес ортақтасып төлеуге келісім бергендіктері туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлегендігін мәлімдеген.

Жүргізілген сот-экономикалық сараптамаға сәйкес, бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерінің бұзылуы мен тиісті құжаттардың болмауына орай  «Karikz» ЖШС-нің Рудный қаласындағы филиалындағы жеткіліксіз тауарлық-материалдық құндылықтардың нақты мөлшерін анықтау мүмкін емес.  

Сот барысында талапкер дүкеннің үш қызметкерінің айыбын дәлелдейтін жеткілікті айғақ ұсынбаған.

Сот шешімімен «Karikz» ЖШС-нің шағымы қанағаттандырылмады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі