Сот зейнеткердің құқығын қайта қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы прокуратура органының ардагері, екінші топтағы мүгедек В.И.Князевтің мүгедектігі жөніндегі зейнетақысын жұмыс жасаған жылдарына ауыстыру және тиісті төлем сомасын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі Орал қаласының №2 сотының шешіміне берген шағымын қарады.

Апелляциялық сот алқасы В.И.Князевтің шағымын қанағаттандырды.  Облыстық соттың апелляциялық сот алқасы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті  БҚО бойынша департаменті» РММ-ін В.И.Князевтің мүгедектігі жөніндегі зейнетақысын жұмыс жасаған жылдарына ауыстыруға, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес, 2011 жылғы 26 тамыздан бастап индекстеу есебімен қайта есептеуге міндеттеді.

Соттың шешімін өзгерту барысында облыстық соттың апелляциялық сот алқасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 71 баптарын басшылыққа алды.

Апелляциялық сот алқасының шешімі жария болған сәттен бастап заңды күшіне енеді және орындауға жатады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі