Сот Шет ауданының қамқоршыларына төленген балалар жәрдемақыларын заңды деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Шет аудандық сотына «Шет ауданының білім беру бөлімі» ММ-і 8 жауапкерден заңсыз төленген жетім балаларды асырап-бағуға арналған жәрдемақыларды өндіру туралы талабымен жүгінген.

Талапкер Қарағанды облысы бойынша ревизиялық комиссиясы қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жәрдемақылар төлеу бойынша анықтаған бұзушылықтарымен өзінің талабын негіздеген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы бекітілген қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу мөлшерін бекіту туралы ережесінің 10 тармағы бұзылып, 2011 жылғы қыркүйекте Шет өңірі бойынша қырық сегіз қорғаншы мен қамқоршыларға республикалық бюджеттің арнаулы трансферттерінен жәрдемақы түрінде ақша қаражаттары аударылған. Жәрдемақыны толеу мерзімі 2011 жылдың наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде және тамыз айлары. Қамқоршылардан арыздар 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап түскен. Қамқоршыларға барлығы төленген 5 557 800 теңге құрайды.

Сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартты, себебі жоғарыда көрсетілген Ереженің 24-тармағында көзделгендей, артық төлем алушы тарапынан теріс пайдаланудың нәтижесінде болса қамқоршы мен қорғаншылардан заңсыз алынған және төленген жәрдемақылар өндіріліп алынады.

Сотта жетім балаларды күтіп-бағуға арналған жәрдемақыны алуға құжаттарды дайындау кезінде қамқоршылар тарапынан теріс пайдалануды куәландыратын жағдайлар анықталған жоқ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысында аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп тікелей көрсетілген.

Осылайша, сот Шет ауданы бойынша 2011 жылғы 1 наурыздан 1 қыркүйекке дейін қамқоршыларға (қорғаншылар) жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу үшін төленген жәрдемақылар сомалары заңды негізде төленген деген тұжырымға келді.

Сот шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі