Сот мүгедек жанның бұзылған құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының, Бәйдібек аудандық соты азамат С.Т.-ның Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, азамат С.Т. «Алғабас» совхозында бригадир көмекшісі болып жұмыс істеп жүріп, 1987 жылғы 22 қарашада денсаулығына зақым келген. Осының нәтижесінде С.Т. еңбек қабілетінен 100%-ға айырылып, медициналық-әлеуметтік сараптамалық комиссияның анықтамасына сәйкес 1-топтағы мүгедек деп танылған.

«Алғабас» совхозы сот шешіміне сай банкрот деп танылғандықтан, азамат С.Т. талап арызында өтемақыны мемлекеттен өндіруді сұраған.

Сот шешімімен талапкердің талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына мемлекеттен 1 509 957 теңге өндірілген. Бұл соманы төлеу Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелген.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі