Сот құқық бұзушыларды орман қоры ағаштарын заңсыз кескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында Е.Йылқыбаев, Ж.Йылқыбаев, Н.Йылқыбаев, М.Бабажанов және Н.Құрмашев азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабының 2-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша сотталушылардың 2015 жылғы 21 қарашада  Шардара орман қоры жерінен өздерінің жеке мұқтаждары үшін 11 текше метр сексеуіл ағаштарын заңсыз кесіп алғандықтары анықталды.  Олар мемлекетке 109 010 теңге көлемінде залал келтірген.

Сот үкімімен сотталушылар жоғарыда көрсетілген баптар бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 120 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар Е.Йылқыбаевқа тиесілі «ГАЗ-53» автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі