Сот кәмелетке толмаған екі жасөспірімді ұрлық жасағандары үшін кінәлә деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  азамат Т. мен Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар Т. мен Қ. өзінің көршісінің үйіне заңсыз кіру арқылы мүлкін ұрлап, жәбірленушіге 5 579 971 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот үкімімен сотталушылар бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жымқыру мақсатымен алдын-ала сөз байласып, үй-жайға заңсыз кіру арқылы ұрлық жасағаны үшін ҚК ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен,  ҚР ҚК-нің 384-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыларға ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді.

Жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдерінен ортақ жауапкершілікте 5 579 971 теңге материалдық шығын және 55 800 теңге сот шығындары өндірілетін болды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі