Сот балабақшада жазатайым оқиғадан зардап шеккен екі жасар баланың анасының құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық соты азаматша Г.Істепбергенованың «Қостанай қаласы мектеп-бақша гимназиясы» мекемесінен моральдық шығынды өндіру туралы шағымына қатысты азаматтық істі қарады.

Іс материалдары бойынша, талапкердің 2013 жылы туған қызы аталған балабақшаға 2015 жылдың қаңтарынан бастап барған. 21 қазанда балаларды қараусыз қалдырған 1 «а» кіші топ тәрбиешісінің кінәсінен бала жазатайым оқиғаға ұшыраған.

Қыз бала есікке қолын қысып алып, оған ота жасалды. Сонымен қатар ол психологиялық жарақат алған.

Сот отырысы барысында балабақша тәрбиешісінің қауіпсіздік техникасын және мектепке дейінгі ұйымдарда балалар өмірі мен денсаулығын қорғау ережесін бұзып, өз міндетін тиісті деңгейде орындамағаны  белгілі болды.

Жазатайым оқиғадан кейін тәрбиеші өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

Сот шешім шығаруда әділдік пен жеткіліктілік қағидаттарын ұстанған.

Г.Істепбергенованың «Қостанай қаласы мектеп-бақша гимназиясы» жеке мекемесінен моральдық шығынды өндіру туралы  талап шағымын сот  ішінара қанағаттандырып, жауапкерден талапкер пайдасына 100 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндіру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі