Сот ауыл тұрғындарының құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Ұзынкөл  ауданының 15 ауыл тұрғындарының бірінші саты соты шешімінің күші жойылып, олардың талаптарын қанағаттандыруды сұраған апелляциялық шағымды қарады.

Ұзынкөл  ауданының тұрғындары 2014 жылғы шілдеден қазанға дейін О.Рыжик жеке кәсіпкеріне тапсырған сүт үшін төлем ақысын алмаған. Осы мерзімде олар тізім бойынша жүздеген литр сүт тапсырған. Жалпы алғанда кәсіпкер О.Рыжик оларға 950 мың теңгеден артық қарыз болған.

Жеке кәсіпкер Куйбышевский, Воскресеновка, Новопокровка, Варваровка және басқа ауылдарынан сүт сатып алған. Сатып алған сүттің литрі, сүт тапсырушының аты-жөні, қол қойылған журнал жүргізілген. Сүтті маусым аяқталғанға дейін, яғни 2014 жылғы 10 қазанға дейін қабылдаған.

Жауапкер талап арызды мойындамаған. Сонымен қатар, О.Рыжик есеп бойынша тізімдемені немесе өзара есеп айырысу актісін оларды жоғалтқанын айта отырып, көрсетпеген. Кәсіпкер сүт ақысын бөліп төлегендіктен, адамдар қателесулері мүмкін екендігін айтты. Есеп айырысу кесте бойынша үнемі жүргізілмеген, жеке кәсіпкер шарт жасасқан «ДЕП» ЖШС-нан ақша түскен кезде ғана төленген.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы өз қаулысында бірқатар заңдарға сілтеме жасай отырып, алғашқы құжаттар жеке коммерциялық кәсіппен айналысып отырған жауапкер жағынан ұсынылуы  тиіс екендігін көрсеткен. Жеке кәсіпкер О.Рыжик қызмет түрі бойынша – «сүт өнімдері, жұмыртқа, тамаққа пайдаланылатын майлар мен тоң майларды көтерме сату» деп тіркелген.

Ал талапкерлер, сүт тапсырушылар ретінде, сотқа өздерінің қолдан жүргізген жазбаларын ұсынған, өйткені жауапкерден басқа құжаттар алмаған.

Жауапкер ауыл тұрғындары алдында қарызы жоқ екенін дәлелдей алмады, сондай-ақ қайта шақырғанға қарамастан, сот отырысына келген жоқ.

Облыстық соттың сот алқасы Ұзынкөл ауданының ауыл тұрғындарының бірінші саты сотының шешімінің күшін жойып, олардың шағымын қанағаттандырды.

                                         

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі