Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық сотында сот бұйрықтары электронды түрде шығарылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының ауданаралық  экономикалық сотына борышкер «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС-нен 751 961 теңге сомасындағы қаражатты  өндіріп алу туралы «ГорСтройРазвит» ЖШС-нің арызы келіп түсті.

Арыз  электронды бұйрық өндірісі  нысанында түсті.

Сот «ГорСтройРазвит» және Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі арасында нысанды-сметалық құжаттардан өту және дайындау бойынша атқарылған жұмысқа ақы төлеу туралы шартқа қол қойылғандығын анықтады. Орындалған жұмыс актісіне сәйкес арыз беруші шарттың талаптарын толық көлемде орындаған.

Солтүстік Қазақстан облысының ауданаралық  экономикалық соты  «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС-нен «ГорСтройРазвит» ЖШС-нің пайдасына 751 961 теңе және мемлекеттік баж төлеуге жұмсалынған 11 280 теңгені  өндіру туралы сот бұйрығын электронды түрде шығарды.

2017 жылдың 17-шілдесінен бастап республиканың барлық соттарында сот бұйрықтарын шығару туралы арыздарды электронды түрде қарау  жобасы іске қосылды.

Аталған жаңашылдық арыздың ұсынылуы мен тіркелуінен, заңды күшіне енген сот актісінің орындауға жолдануына дейінгі процесті электронды түрде жүргізуге ықпал етеді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі