С. Ахметовке қатысты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Серік Нығметұлы Ахметовке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш хат қаралды.

Серік Ахметов ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігі «б» тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 311-бабы 5-бөлігі (пара алу), 307-бабы 4-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 310-бабы 3-бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша айыпталып отыр.

Аталған соттың 2015 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен өтініш хат қанағаттандырылды. Серік Ахметовті үйқамақта ұстау мерзімі 2015 жылғы шілденің 18-і  күні сағат 23:00 ге дейін ұзартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы