Павлодарда татуластыру рәсімі мен дауды шешудің баламалы тәсілінің даму тетіктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында банктік және коммуналдық даулар бойынша татуластыру рәсімі мен дауды шешудің баламалы тәсілін дамыту мәселелері талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар, екінші деңгейдегі банктер филиалының бірінші басшылары, коммуналдық қызмет, Нотариалдық палатаның, Медиаторлардың ұлттық палатасының, Медиация орталығы мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, А.Күзеков қатысушыларға «дөңгелек үстелдің» мақсаты мен кейбір азаматтық істердің санаттары бойынша міндетті медиацияны енгізу бойынша пилоттық жобаның тәртібін түсіндіріп кетті.

Іс-шара шеңберінде қатысушылар татуластыру рәсімі мен дауды шешудің баламалы жолы арқылы банктік және коммуналдық даулардың шешу тетіктерін талқылап, дауларды шешудегі екінші деңгейдегі банктер мен коммуналдық қызмет басшылығының шешімдерді қабылдау бойынша қолданыстағы тәртіпті өзгерту қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

«Сбербанк России» және «Цеснабанк» АҚ филиалдарының басшылары М.В.Беккер мен А.Жүсіпова өздерінің сөзінде банктік дауларды шешу кезінде әрбір қарыз алушыға жеке көзқарас негізінде банк филиалдары деңгейінде сотта татуластыру рәсімі мен дауларды сотқа дейінгі реттеу рәсімін өткізу туралы шешім қабылдау қажеттілігі туралы ойларын айтты.

Талқылау нәтижесі бойынша қатысушылар ұсынымдар әзірледі, оған сәйкес банк филиалдарына келісім жасау және талқыланған рәсімге енгізу туралы өз бетінше шешім қабылдау құқығын қамтамасыз ету, бас банктер алдында келісім жағдайын қарау мерзімін қысқарту туралы мәселені бастамаға алу, банк филиалдарының заңгерлеріне бас банктермен алдын ала келісімсіз татуластыру рәсіміне енгізу құқығын ұсыну, сенімхаттарда талқыланған рәсімдер шеңберінде дауларды реттеу туралы келісімге қол қоюға өкілдердің құқықтарын көрсету, коммуналдық қызметтерге медиация институты және атқарушы жазбасы жолымен төленбеген қызмет бойынша дауларды шешу ұсынылды.

Татуластыру рәсімі бойынша қолданыстағы тәжірибені есепке алып, екінші деңгейдегі банкттер филиалдары және облыстық сот арасында құқықтық анықтау режимін қалыптастыруға бағытталған банк дауларына байланысты келісімді бекіту бойынша сот актілерімен алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

Қайнар: 
Пресс-служба Павлодарского областного суда