Павлодарда судьялар ювеналдық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы М.Дәйкенов іс-шарада сөз сөйлей отырып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары қызметінің тиімділігін белгілеп өтті.

Форум жұмысына "Павлодар облысының білім беру басқармасы" ММ басшысының орынбасары Е.Дауенов, Павлодар қаласы прокурорының орынбасары С.Асаинов, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының "Славян мәдени орталығы" ҚБ басқарма төрағасы Т.Кузина, Павлодар облысының ХТЖ ІІД ММ ювеналды полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Б.Камзина, ПМУ заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану кафедрасының доценті С.Бастемиев, ИНЭУ құқық оқытушы Ж.Талипова, "Көп балалы аналар қауымдастығы" ҚҚ президенті Л.Афанасова, "Медиация және құқықтық көмек келісімін Орталығы" директоры ЖМ И.Седлецкая, №2 заң консультациясының меңгерушісі Г.Султанбекова,  "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" ММ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі бөлімінің бастығы О.Темірболатова, Павлодар қаласының прокурорының көмекшісі Г.Туякбаева, "Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" ММ директоры Д.Темирханова, "Ақсу қаласының білім бөлімі" ММ бастығы Қ.Смағұлов, "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" ММ қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі С.Байгожина, адвокаттар, балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің психологтары, баспа сөз қызметінің өкілдері мен тілшілер қатысты.  

Сот төрағасы мен судьялар өз баяндамаларында соңғы бес жылда ювеналдық сот қызметіне қорытынды жасап қана қоймай, сонымен қатар ювеналды сот ісін жүргізуді одан әрі дамытудың өзекті мәселелеріне тоқталып кетті.

Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының "Славян мәдени орталығы" ҚБ төрағасы Т.Кузина өз сөзінде барлық конференцияға қатысушыларды балалардың құқықтары мүддесіне ата-аналарды татуластыру тәсілі түрінде медиацияны дамытуға шақырды.

ПМУ заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану кафедрасының доценті С.Бастемиев ПМУ студенттері арасында балалардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды көпшілікке таныту, ювеналдық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін ғылыми негіздеуге қатысу мақсатында ювеналдық сотпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бастамасымен сөз сөйледі.

"Медиация және құқықтық көмек келісім орталығы" жеке мекеменің директоры И.Седлецкая медиация арқылы ата-аналарды татуластыруда 35 кәсіпқой және 115 кәсіпқой емес медиаторлардың қатысу мәселесіне тоқталып кетті.  

Көп балалы аналар қауымдастығы" ҚҚ президенті Л.Афанасова «Павлодар облысының балалары бар аналар үшін оңалту дағдарыс орталығы» ММ-де ауыр өмірлік жағдайда қалған әйелдермен кездесулер мен семинарлар өткізуде белсенді қатысқандары үшін судьяларға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі