Павлодарда сот қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің әрекетін заңсыз деп танып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтың кезегін қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотына азамат Ш. Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегінің есебін сақтау бойынша комиссия шешімінің кезекке қоюдан бас тарту бөлігінің күшін жою және заңсыз деп тану туралы өтінішпен жүгінді.

Сот арыз берушінің Ұлы Отан және жапон соғысына қатысушы болып табылатын әкесімен қоса, арызданушы баласы мен оның жұбайы 2002 жылдан бастап үш адамдық құрамдағыотбасы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұрған. 2003 жылы әкесі қайтыс болып, арызданушы анасымен кезектен шығарылған. Арызданушы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж болып табылады, себебі оның меншік құқығында тұрғын үйі жоқ.

Сот шешімімен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің әрекеті заңсыз деп танылды, себебі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 73-бабының 2-тармағына сәйкес, есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған, не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшiн негiздер жойылмаса, отбасының онымен бiрге есепке тұрған өзге мүшелерiнiң кезегi сақталады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі