Павлодарда сот энергиямен жабдықтау ұйымына талапкердің есеп шотынан негізсіз есептеуді алып тастауды нұсқады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотына бірінші топ мүгедегі болып келетін Ш. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-не берешекті есептен шығару және сот шешімін орындауға мәжбүрлеу туралы талап арызымен жүгінді.

Жауапкер аумақта электірлік және жылу энергиясын сату бойынша энергиямен жабдықтайтын жалғыз ұйым болып табылады.

Кезекті ретте қызмет көрсету бойынша шот хабарламасын алған талапкердің бір неше сұрағы туындады: тұтынушы қандай кезеңде және қандай тұтынылған қызметтер үшін есептеу жүргізілгенін, оның мемлекеттік тұрғын үй субсидияларынан қандай уақыттан бастап және қандай сомма ұстап алынғанын, оның атына бұрын шығарылған сот шешімінің  орындалғаны туралы білгісі келді. Берілген жауапта толық ақпарат болмауына байланысты талапкер өз құқығын қорғау мақсатында сотқа жүгінді.

Сот талқылауы барысында алдағы уақытта сот шешімімен жалпы үйлік қажеттіліктер (ЖҮҚ) энергия үшін төлемге есеп жүргізу бойынша жауапкердің әрекеті заңсыз деп танылды. Бірақ, 2017 жылғы 1 ақпанының жағдайы бойынша жауапкер 13 826 теңге сомасына ЖҮҚ-дің энергиясы үшін төлемге есеп жүргізуді жалғастыруда.

Сот жауапкерді азамат Ш.-ның жеке шотынан негізсіз есептелген берешекті алып тастауға міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі