Павлодар облыстық сотында заңды тұлғалар арасында медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының азаматтық істер бойынша сот алқасы жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша түскен «KazBuildTrade» ЖШС-нің «Торговый Дом промышленного оборудования» ЖШС-не айпақы және қарызды өндіріп алу туралы істі қарап, іс бойынша сот ісін жүргізуді медиация тәртібінде қысқартты.

Аталған іс бойынша Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес, жауапкерден талапкердің пайдасына 7 506 764 теңге мөлшерінде қарыз өндіріп алынды.  

Істі қарау барысында апелляциялық саты судьяларымен татуластыру рәсімін қабылдау үшін барлық шаралар жасалып, оның нәтижесі бойынша тараптар арасында медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізілді.  

Келім шарты бойынша жауапкер келісілген уақытта қарызды төлеуге міндеттенді, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартты.

Осыған қоса, талапкерге Азаматтық процестік кодексінің 278-бабының талаптарына сәйкес, төленген мемлекеттік баж сомасы (320 734 тенге) қайтарылды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі