Павлодарда сот 40 медиациялық келісім жасап, қылмыстық істі қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты, яғни ірі қара малды иемденіп, талан-таражға салып, жәбірленушілерге 21 390 000 теңге сомасында материалдық зиян келтірген азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, жылқышы болып жұмыс істеген сотталушы 2015 жылғы мамырдан бастап 2016 жылғы тамыз аралығында 142 жылқы б ұрлап, оларды басқа адамдарға өткізген.

Соттың дәлелдеуімен жанжалдың тараптары арасында медиациялық келісім жасалды. Сот көшпелі сот процесін ұйымдастырып, жәбірленушінің әрқайсысымен тікелей сөйлескен екі кәсіпқой емес медиаторлар, ауыл ақсақалдары тартылды. Медиациялық келісім-шарттары мен қылмыстық іс қысқартудың салдары түсіндірілді.

Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша 40 жәбірленушінің барлығы да сот талқылауында медиациялық келісім-шарттарымен келісіп, татуласқандықтан, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтінімхатты мәлімдеген. Бұл шарттарды сотталушы толық көлемде орындаған. Жәбірленушілер сотталушыға кінә қоймаған.

Сот ҚР ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігінің негізінде қылмыстық істі қысқартты және 40 медиациялық келісім жасап, жәбірленушілермен татуласқандықтан, сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі