Павлодар облыстық сотында жаңа тағайындалған судьяларға арналған семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында жаңа тағайындалған судьяларға семинар-тренинг өтті.

Семинардың жұмысына облыстық соттың Сот әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы А.Нұркиев, облыстық соттың судьялары А.Тоғымбетова, Г.Суханкулов, еңбек өтілі 4 айды құрайтын аудандық және оған теңестірілген соттардың жас 7 судьясы, сонымен қатар, еңбек өтілі 1 жылдан аспайтын 30 судья қатысты.

Семинар-тренинг барысында Сот әдебі кодексінің ережелерін сақтау, төрағалық етушінің рөлі, сот мәжілісін жүргізу мәдениеті, әңгіме жүргізу шеберлігі, судьяға құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі мәселелері талқыланды.

Жиында жас судьялар тәжірибесі мол судьялардан заңдардың  іс жүргізу нормалары тақырыбында  кеңес алды. Облыстық соттың судьялары жас судьялармен азаматтық және қылмыстық істер бойынша өздерінің білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.     

Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, жоғарғы белсенділік танытты және осындай үлгідегі семинардың үнемі болып тұрса деген өтініштерін білдірді.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі