Павлодар облыстық сотында жаңа қылмыстық заңнаманы қолданудағы мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылғы 27 маусымда Павлодар облыстық сотының Оқу орталығының базасында «Жаңа қылмыстық және қылмыстық процестік заңнама ережелерін қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Мұқтар Смағұлов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының доғарыстағы құрметті судьясы, ҚР ЖС жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы Раиса Юрченко, облыстық соттың аппеляциялық сот алқаларының төрағалары, сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура органдары, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент өкілдері, адвокаттар қатысты.

«Дөңгелек үстелді» аша отырып облыстық соттың төрағасы Мұқтар Смағұлов: «Бұл шара жаһандық мәселелерге жауап және дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірудің жол картасы болып табылатын Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілуде. Ол судьялар қауымына зор жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік реформаларды жүзеге асыруда судьялар алдыңғы қатарда болуы қажет», деп атап өтті.

Жиынның басты мақсаты жаңа қылмыстық, қылмыстық процестік заңнама, сонымен қатар, тергеуі судьясы, процес прокуроры, процессуалдық келісім, айғақтарды сақтау сияқты бірқатар жаңа институттарды қолдануда туындайтын мәселелерді талқылау болып табылады.     

Өз сөзінде Раиса Юрченко: «100 қадам жоспарын жүзеге асыру бағдарламасында сот жүйесін жетілдіруге айрықша көңіл бөлінген. Жүктелген міндеттердің бірінде тергеу судьясының айыптау мен қорғаудағы тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі нақты жазылған. Адам мен азаматтың бостандығы мен  құқықтарының конституциялық жағдайларына, сонымен бірге, тұлғалардың құқықтық кепілдігін нығайтудағы қылмыстық саясатты дамыту туралы тұжырымдамалық ережеге сәйкес судьялардың өкілеттілігін кеңейту қажет. Ол үшін жаңа қабылданған қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Реформалау бірінші кезекте қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған адамдарға қажет. Себебі адамның құқықтары мен бостандығы, біздің Конституциямызда айтылғандай, ең жоғарғы құндылық болып табылады» - деді.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар процестік келісім нысанында іс жүргізу келісімін жасау, ішкі істер органдарында кепіл мен іс жүргізу келісімін тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылады.

Шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар тергеу және сот тәжірибесін одан әрі жақсартуға септігін тигізетін осындай бас кездесулердің аса қажеттігін баса айтты. 

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі