Парламент Мәжілісінің депутаттары қолданыстағы қылмыстық заңнаманың новеллаларын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін елордалық сотта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері А.Н.Жайылғанова және Е.А.Козловпен кездесу өткізілді.

Аталған кездесу «Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқарушылық заңнамаларын одан әрі жетілдіру» тақырыбына парламенттік тыңдау қарсаңында өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Қ. Кенжегарин заңды қолдану кезінде туындайтын көкейкесті мәселелерді талқылау бойынша судьялардың заң шығарушы органның өкілдерімен кездесуінің маңыздылығын атап өтті.

Сот судьясы А.Б.Жакулин қолданыстағы заңнамаға қатысты, соның ішінде қылмыстық теріс қылықтар құрамын қылмыстық сипаттан арылту және оларды әкімшілік құқық бұзушылық құрамына ауыстыру, айыппұл түріндегі жаза төлеуден жалтаруды бағалаудың өзге тәртібін әзірлеу туралы мәселелерді қозғады.

Бұдан басқа, депутаттар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамын іске асыру шеңберінде сот процестерін аудио-бейне тіркеу және бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерімен танысты.

Қорытындылай келе, депутаттар Жайылғанова Анар және Козлов Евгений судьяларды олар қозғаған мәселелер назардан тыс қалмайтынын және заң шығарушылардың талқылау нысанасына айналатынын атап өтті. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі